Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдерге сапарға шығу үшін виза қажет бола ма? Қай елдерге визасыз баруға болады?
Гүлшат АЙЫМБЕРГЕНОВА, Талғар қаласы
СІМ шетелге шығатын ҚР азаматтарына арналған жаднамасында көрсетілгендей, Қазақстан ТМД елдерінің көбімен азаматтардың визасыз барып-келуі туралы келісімшартқа қол қойған. Мысалы, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдеріне кіру үшін ҚР азаматының паспорты жеткілікті. Қырғызстан мен Ресейге жеке куәлікпен және әке-шешесінің бірі келіскен қолхаты бар, нотариус бекіткен баланың туу туралы куәлігімен де (16 жасқа толмаған ҚР азаматтары үшін) кіруге болады. ҚР азаматтары Қазақстан-Ресей шекарасынан өткен кезде Ресейдің көші-қон карточкасын толтыруы керек. Ресейдің шекаралық қызметі көші-қон карточкасы мен паспорттың кез келген бос бетіне мөртабан басады. Ресейге барған Қазақстан азаматтары ол елге кірген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тіркеуге тұруы тиіс. Қазақстан азаматтары Украина мен Молдоваға үш айдан астам уақытқа баратын болса, виза алуы керек. Түрікменстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына виза алу қажет. Қызметтік және дипломатиялық паспорты бар тұлғаларға бұл тәртіп қолданылмайды. Сонымен қатар Атырау мен Маңғыстау облыстары тұрғындарының паспорттарымен және осы облыстарда тұратынын растайтын ҚР азаматы деген жеке куәліктерімен Түрікменстанның Балқан уәлаяты аумағына бес күнге дейін келуіне, кетуіне және уақытша болуына болады.
ТМД аумағына сапарға шығу үшін виза керек пе?
Последние статьи автора