ТМД аумағына сапарға шығу үшін виза керек пе?

ТМД аумағына сапарға шығу үшін виза керек пе?

Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдерге сапарға шығу үшін виза қажет бола ма? Қай елдерге визасыз баруға болады?
Гүлшат АЙЫМБЕРГЕНОВА, Талғар қаласы
СІМ шетелге шығатын ҚР аза­мат­тарына арналған жаднамасында көр­сетілгендей, Қазақстан ТМД елдері­нің көбімен азаматтардың визасыз ба­рып-келуі туралы келісімшартқа қол қой­ған. Мысалы, Армения, Әзірбай­жан, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Ре­сей, Тәжікстан, Өзбекстан елдеріне кіру үшін ҚР азаматының паспорты жет­кі­лікті. Қырғызстан мен Ресейге жеке куә­лікпен және әке-шешесінің бірі келіскен қолхаты бар, нотариус бекіткен баланың туу туралы куәлігімен де (16 жасқа тол­маған ҚР азаматтары үшін) кіруге бо­лады. ҚР азаматтары Қазақстан-Ресей ше­ка­­­расынан өткен кезде Ресейдің көші-қон карточкасын толтыруы керек. Ре­сей­дің шекаралық қызметі көші-қон кар­точкасы мен паспорттың кез келген бос бе­тіне мөртабан басады. Ресейге барған Қа­зақстан азаматтары ол елге кірген күн­нен бастап үш жұмыс күні ішінде тір­кеуге тұруы тиіс. Қазақстан азаматта­ры Украина мен Молдоваға үш айдан астам уақытқа баратын болса, виза алуы керек. Түрікменстанға бару үшін Қа­зақстан Республикасының азаматта­ры­на виза алу қажет. Қызметтік және дип­ломатиялық паспорты бар тұлға­ларға бұл тәртіп қолданылмайды. Со­ны­мен қатар Атырау мен Маңғыстау об­лыс­тары тұр­ғын­дарының паспортта­ры­мен және осы облыс­тарда тұратынын растайтын ҚР азаматы деген жеке куә­ліктерімен Түрік­менстанның Балқан уәлаяты аумағына бес күнге дейін ке­луіне, кетуіне және уақытша болуына болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста