«Титаникте» тірі қалған нәресте 97 жаста

Жуық арада басылым беттерінің бірінен Британияда «Титаникке» арналған мұражай ашылады деген ақпарат оқыған едім. Осы рас па? «Титаник» мұражайы бар ма?
Шалқар Рахымбеков,
Шығыс Қазақстан облысы
Тарихта ең ірі теңіз апаттарының бірі ре­тінде есте қалған «Титаник» кемесінің ба­туы кейінгілер үшін аңызға айналғаны бел­гілі. Британдық «Уайт Стар Лайн» ком­паниясының кемесі «Титаник» 1912 жылы 14 сәуірде айсбергке соғылып, батып кет­кен болатын. Теңізге шыққан алғашқы са­па­рында қайғылы апатқа ұшыраған «Ти­та­ник» кемесінің бортында болған 2208 адам­ның тек 704-і ғана аман қалған еді. «Ти­таниктің» батып кеткеніне 2012 жылы 100 жыл болады. Осы орайда британдық порт­ты қала Саутгемптонда алып лайнерге ар­налған мұражай ашылмақ. Бұл жобаны қар­жыландыруға жүздеген компания қы­зығушылық танытып отырған көрінеді. Алдын ала жасалған болжамдарға қа­ра­ған­да, мұражайдан 1986 жылы окео­но­граф Роберт Баллардтың экспедициясында та­былған түрлі хаттар, ыдыс-аяқтар, ке­ме­нің металл қалдықтары секілді 400 мың­ға жуық экспонатты көруге болады. Сон­дай-ақ мұражайға апатта тірі қалған адам­дардың жазған 70-ке жуық естеліктері де қойыл­мақ. Тағы бір айта кетерлік жайт, осы­дан бір ғасырға жуық уақыт бұрынғы апат­та кемеде болған 2208 адамнан бү­гін­де біреуінің ғана көзі тірі екен. Оның есі­мі – Мильвина Дин. «Титаник» суға бат­қан кездегі 9 айлық нәресте Мильвина – бү­гін­де 97 жастағы әже.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста