Тіс пломбасы ғұсыл алуға кедергі келтіре ме?

Тіске пломба қойған кезде бой дәреті, яғни ғұсыл жоқ болса, ол харам болып табыла ма?  Сондай-ақ адамның үстінде бір жара болып, оны дәрігер су тигізуге болмайды деп таңып берсе, дәрет алғанда оны шешу керек пе?
Егемберді ТӘҢІРБЕРГЕНОВ,
Атырау облысы
Шариғат бойынша дененің қай­сы­бір жерінде ашық жара пайда бол­ған жағдайда мұндай жер таңылып неме­се басқадай бір әдіспен қым­талуы тиіс.
Дәрет немесе ғұсыл алған кезде таңғыш сыртынан ылғалды қолмен мә­сих тартылады, осылайша дене мүшесі формалды түрде жуылған болып саналады. Ал таңғыштың адамның дәретсіз немесе ғұсылсыз болған кезінде таңылғандығы оны сүртуге (мәсих) кедергі болмайды. Сонымен қатар мәсих жарамды­лы­ғының мерзімі белгілі бір уақытпен шектелмейді. Таңғышты жара қанша уақыт бойына таңылған күйде болуы қажет етілсе, сонша уақыт бойы сүр­ту­ге болады. Шариғат тұрғысынан аталмыш екі жағдай өзара ұқсас. Мәселен, алдын ала тазартылған тіске пломба қойылуы немесе қапта­ма кигізілуі, ашық жара­ның таңылуы немесе емдік маймен сылануы, яғни  екі жағдайда да дененің қай­сыбір бөлігіне судың өтуіне кедергі болады. Егер тісті емдеу жүніп күйімен, етек­кірмен (хайыз) немесе босанғаннан кейінгі қан кетулермен (нифас) бір мезгілде келсе, яғни адам ғұсыл ал­маған болса, бұл ғұсыл тұрғысы­нан қарастырғанда «таңу-сүрту» шарала­рын жасауға ешқандай кедергі келтірмейді. Ең бастысы, ғұсыл алған кезде су қапта­маның немесе плом­баның бетіне тиюі керек. Негізінде, ханафилерде ғұсыл алғанда ауызды шаю – парыз. Алайда мұндағы «ауыз қуысы» ұғымын анықтап алған жөн. Ауыз қуы­сы деп ауыздың ішін, тістің сауытын айтамыз, тістің өзегін емес. Сондықтан пломбаланған немесе қапталған тістің тек сауытына су тисе, парыз амал орындалған болады.
Ислам адам денсаулығына үлкен көңіл бөледі. Себе­бі Алла тағала адам баласын ерекше, оның дене­сін кемел етіп жаратқан. Тісті емдеу – адамның ең ма­ңызды әрі бірінші кезектегі міндеттерінің бірі. Адамның өз денсаулығына немқұрайды қарау­ға ислам­да ты­йым салынған. Өйткені  денсаулық Алла­ның ама­наты болып табылады. Оны күтіп ұстау – парыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста