Тіс пастасын қалай таңдаймыз?

Тісім ауырып дәрігерге барғанымда, тіс пастасының барлығы бірдей жақсы пайдалы еместігін айтты. Зиянсыз пастаны қалай таңдаймыз? 
Ермұрат ШАЛАБАЕВ,
Қарағанды
Өндіруші үнемі тіс пастасының қора­бы­на ғана емес, сықпасына да құрамын көрсетуі керек. Сықпаға жазылмаса, демек, бір жасырғандары бар. АҚШ-ның дәрілер мен азық-түлік өнімдерін қолдануды бақылау әкім­шілігі құрамында фторы бар тіс пас­тасының сыртына: «Егер сіз байқамай пастаны жұтып қойсаңыз, дереу дәрі­герге қаралыңыз не уланғанда меди­циналық көмек беретін орынға хабар­ла­сыңыз!» деп жазуы керек деген.
Пастадағы ең зиянды – фтор қос­пасы. Флюорид есірткі болып саналады. Дүкен­дерде сатуға рұқсат етілген тіс пастасы құрамындағы есірткі әсерін ағзада өзгеріс болғанда байқауға болады. Флюорид шынымен де қан­құрт­пен жақсы күреседі. Егер паста көп мөлшерде ішке кетсе, онда ол өсіп келе жатқан тістер түссізденіп, дақтар пайда болады. Бұл флюорозис ауруына әкеп соғады.
Карциномадағы Америка ұлттық институты жасушалы биохимия бөлі­мінің бұрынғы меңгерушісі доктор Дин Берг пен Су қауіпсіздігі қорының прези­ден­ті доктор Ямуяннис 1977 жы­лы  фто­рид канце­ро­­генен ісік ту­дырушы зат екендігін дәлел­деген. Жап­онияның Нип­пон қаласындағы сто­матология коллед­жіндегі зерттеулер де бұл ойды растаған. Жарнамаланып жүрген таны­мал тіс пасталарының, су сабындардың құра­мын­дағы лаурит сульфат натриийі өнер­кәсіпте гараждың еденін, көлікті жуа­тын зат ретінде пай­да­ланылады. Ол тіс, шаш, дене жууда қауіпті. Дегенмен  Джорджия штатын­дағы университеттің медицина­лық колледжі лаурит сульфат натрий өзінің туысы пропиленгликоль (Propylene Glycol) сынды ағзаға еніп, тал­шықтарда қалып қоятындығы анықтал­ған. Ағзада қалған ол улану мен ісік ауру­ларын ту­ғызады екен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста