Тіс пастасын қалай таңдаймыз?
Тісім ауырып дәрігерге барғанымда, тіс пастасының барлығы бірдей жақсы пайдалы еместігін айтты. Зиянсыз пастаны қалай таңдаймыз?
Ермұрат ШАЛАБАЕВ, Қарағанды
Өндіруші үнемі тіс пастасының қорабына ғана емес, сықпасына да құрамын көрсетуі керек. Сықпаға жазылмаса, демек, бір жасырғандары бар. АҚШ-ның дәрілер мен азық-түлік өнімдерін қолдануды бақылау әкімшілігі құрамында фторы бар тіс пастасының сыртына: «Егер сіз байқамай пастаны жұтып қойсаңыз, дереу дәрігерге қаралыңыз не уланғанда медициналық көмек беретін орынға хабарласыңыз!» деп жазуы керек деген.
Пастадағы ең зиянды – фтор қоспасы. Флюорид есірткі болып саналады. Дүкендерде сатуға рұқсат етілген тіс пастасы құрамындағы есірткі әсерін ағзада өзгеріс болғанда байқауға болады. Флюорид шынымен де қанқұртпен жақсы күреседі. Егер паста көп мөлшерде ішке кетсе, онда ол өсіп келе жатқан тістер түссізденіп, дақтар пайда болады. Бұл флюорозис ауруына әкеп соғады.
Карциномадағы Америка ұлттық институты жасушалы биохимия бөлімінің бұрынғы меңгерушісі доктор Дин Берг пен Су қауіпсіздігі қорының президенті доктор Ямуяннис 1977 жылы фторид канцерогенен ісік тудырушы зат екендігін дәлелдеген. Жапонияның Ниппон қаласындағы стоматология колледжіндегі зерттеулер де бұл ойды растаған. Жарнамаланып жүрген танымал тіс пасталарының, су сабындардың құрамындағы лаурит сульфат натриийі өнеркәсіпте гараждың еденін, көлікті жуатын зат ретінде пайдаланылады. Ол тіс, шаш, дене жууда қауіпті. Дегенмен Джорджия штатындағы университеттің медициналық колледжі лаурит сульфат натрий өзінің туысы пропиленгликоль (Propylene Glycol) сынды ағзаға еніп, талшықтарда қалып қоятындығы анықталған. Ағзада қалған ол улану мен ісік ауруларын туғызады екен.