Тіркелген тұрғылықты мекенжайымнан шығып, басқа қалаға тіркелейін деп едім. Тіркеуден шығу үшін қандай құжаттар қажет?
Нұрбек ОМАРБЕКОВ, Атырау қаласы
ҚР Ішкі істер министрлігі мамандарының мәліметінше, тұрғылықты мекенжайдан тіркеуден шығу кезінде жеке басты куәландыратын құжат, тіркеуден шығару туралы өтініш және әскери міндеттілер үшін әскери есептен шыққаны туралы белгі қойылған билет талап етіледі. 16 жасқа дейінгі балалар туу туралы куәлігін ұсынуы керек. Тіркеуден шығушы азаматтар мекенжайдан кету парағының үш данасын толтырады. Кету парағы мен тұрғындарды тіркеу кітабына белгі қойылады.
Тіркеуден шығу үшін қандай құжаттар қажет?
Последние статьи автора