Тұмар дегенді молдалар үшкіріп, дұға жазып беретін, мойынға тағып жүретін киелі зат сияқты көретін едім, сөйтсем тұмарды малға да тағады екен ғой. Оның сыры неде?
Мирас БЕГІМҚҰЛОВ, Алматы
Иә, тұмарды малға да тағады. Оның да өзіндік сыры бар. Көздің сұғынан, тілдің уынан қорғап жүрсін деп молда, имамдарға дұғалатып, жүйрік атқа, сүтті сиырға, жаңа туған құлын мен ботаға көз тимеуі үшін тағып қояды. Жаңа туған нәрестеге көз өтпесін деген ырыммен бас киіміне көз моншақ, үстіне тұмар тағып қою қазірде де бар. Одан ешқандай зиян жоқ. Негізінде тұмарды адамдар тек мойынға ғана тақпайды. Әртүрлі бағалы тастардан арнайы жасатып, оны молда, емшілерге оқытып, бас киімге, киімнің жағасына да тағып қояды. Тұмардың мағынасына қарай: жастық, қиық, лағыл, алтын, тұмарша, тіллә деген атаулары бар. Бұлардың бәрі де алтын, күміс, лағыл, жауhар тастармен безендіріліп жасалады. Бұдан басқа жақсы, қымбат матадан және былғарыдан үш бұрыштап немесе қиықшалап жасалатын түрлері де бар.
Тіл-көзден сақтасын деп тұмар таққан
Последние статьи автора