Техбайқау үшін қандай құжаттар қажет?
Биылдан бастап көлікті техникалық байқаудың тәртіптері өзгерді ғой. Бұл тексерістен өту үшін автокөліктің сақтандыру полисі талап етіле ме?
Мұрат, Астана
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысымен бекітілген «Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасының» 11-тармағына сәйкес міндетті техникалық байқаудан өту үшін көлік құралының иесі техникалық байқау орталығына мынадай құжаттарды ұсынады: 1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік; 2) жеке тұлғалардың ҚР Салық кодексінде белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жыл үшін көлік құралдары салығын төлегенін растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар; 3) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарт.