Теннис тарихындағы ең ұзақ ойын

Теннис тарихындағы ең ұзақ ойын

Теледидардан теннисті сүйіп көремін. Бірақ кейде кейбір кездесулер ұзаққа созылып кетеді. Бітпей қояды ғой. Жалпы, әлемде ең ұзаққа созылған ойын қанша сағатқа созылды екен?
Мақпал Түсіп,
Қарағанды облысы
Теннис, волейбол, снукер ойындарында уақытқа шектеу қойылмайды. Сондықтан бұл ойындар ұзаққа созылады. Бірақ волейболдың уақытын қысқарту үшін ережелеріне өзгерістер енгізілген. Бұрынғыдай ұпай тек допты ойынға қосқан командаға берілмейді. Допты ойынға қай команда қосса да, ұпай беріле беретін болып, уақыт біршама қысқарды.
Теннисте де солай. Тай-брейкке өзгертулер енгізіліп, уақыт қысқарту шаралары қолданылуда. Десек те, теннистегі ең ұзақ ойын 2010 жылы Уимблдон турнирінде тіркелген.
Мұнда ерлер арасындағы америкалық Джон Изнер мен француз Николя Маю арасындағы матч 11 сағат 5 минутқа созылған. Екеуара ойын үш күнге созылып, 6:4, 3:6, 6:7, 7:6, 70:68 есебімен аяқталған. Қараңғы түсіп кетіп, бұл ойын екі рет келесі күнге шегерілген. Ең соңғы сеттің өзі 8 сағат 11 минутқа созылған.
Бұл Уимблдон турнирінің бірінші айналымындағы кездесу болатын. Изнер мен Маю үш күн додаға түсіп, жеңімпаз анықталғанша, басқа теннисшілер екінші айналымның ойынын аяқтап, екеуін тосқан.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста