Қазір теңізге бармай-ақ, теңіз тұзын аптекадан сатып алып, қолдануға болады. Теңіз тұзы қай аурулардың шипасы екенін жазсаңыздар деп едік.
Торғын, Астана қаласы
Теңіз тұзы теңіз суының булануы кезінде алынады. Сондықтан емдік қасиетін бұзбайды. Ең пайдалы теңіз тұзы – Өлі теңіздің тұзы. Оның суында магний, кальций, йод, темірдің көп мөлшері бар. Теңіз тұзы ағзадағы шлакты шығарады. Теріні құрғатпайды. Терінің жас әрі сергек қалпын сақтау үшін, аптасына 1-2 рет тұзды бұлау қабылдаған жөн. Теңіз тұзының қан тазартатын қасиеті де бар. Маусымдық аллергияға шалдыққандар теңіз жағасында ала жаздай жата алмаса, тұзды бұлауда жатып, мұрнын тұзды сумен шайып отырса, жеңілдеп қалады. Аллергия кезіндегі көз қышуын суға сәл тұз салып, су астында көзді ашу арқылы басуға болады. Минералды тұздарға бай теңіз ауасы бронх демікпесіне, тұмауға жақсы. Тұздағы йод адамның интеллектуалдық қабілетін де арттырады. Қан қысымы төмен адамдар тұз қосылған су ішулеріне болады. Не болмаса, әр тамақтан соң, 1-2 грамм тұз жеңіз. Тонзиллитіңіз болса, мұрынды тұз қосылған жылы сумен шайыңыз.
Теңіз тұзы – денсаулық кепілі
Последние статьи автора