Банкирлерден тендерлік кепілдік деген сөзді жиі естиміз. Оның мағынасы қандай?
Ерболат АЛШЫНБЕК, Ақтау
Тендерлік кепілдік мемлекеттік тапсырыс аясындағы және жекеменшік компаниялар жариялаған байқауларға қатысып, тауар жеткізу немесе қызмет көрсету құқығын жеңіп алғысы келетін азаматтарға немесе компанияларға беріледі. Тендерлік гарантияға кепілзат ретінде клиенттің сол банкте депозиті болуы керек. Оның мерзімі кепілдік берілген уақыттан 10 күнге ұзақ болғаны шарт. Сондай-ақ бұл клиент алған несиенің кепілзаты ретінде осы банктен алынған несиенің кепілзатын ұсына алады. Кей жағдайларда жекеменшік кәсіпорындар жариялаған байқауларда 50 пайыздық кепілзатпен де тендерлік гарантия беріледі.