Әр адамның телфон нөміріндегі сандарды қосқанда қандай сан шығады – сол оның өміріне әсер етеді екен. Бұл туралы белгілі нумерологтар айтып отыр. Мәселен, сіздің нөміріңіз 87751012233 болса, 8+7+7+5+1+0+1+2+2+3+3 = 39 саны шығады. Мұны бір сан қалғанша жалғастырамыз: 3+9 = 12, 1+2 = 3. Сіздің саныңыз – 3. Енді жауабын оқып көріңіз:
«1» саны шықса
Бір саны тұлғаның тәуелсіздігін, мақсаттарын айқын көре алатындығын білдіреді. Бір уақытта бірнеше тапсырманы орындай алатын күш-жігері бар. Көшбасшылық қасиетке ие. Мақсатына жету үшін маңдай терімен еңбектенеді. Кемшіліктері: эгоизм, шыдамсыздық және өзімшілдік. Олар ойланғаннан гөрі әрекет еткенді жақсы көреді. Өз пайдасы үшін айналадағыларды пайдаланудан тайсалмайды.
«2» саны шыққан болса
Бұл сан шыққан адамдар барлығымен достық қарым-қатынасты ұстанатын, сабырлы, ұялшақ жандар. Жолдастарының мықты болғандығын қалайтындығы осы қасиеттерінен болса керек. Табиғатынан кез келген кикілжіңді ретке келтіру қасиетіне ие. Топтық жұмыстарда ұнамды қасиеттерімен көзге түсіп, әрдайым сыпайылық танытады. Әділетті болуды ұнатады. Ұялшақтықтарының арқасында барша армандарынан бас тартады. Бірақ, өзге тамаша қасиеттерінің арқасында айналадағы адамдарға үлгі бола біледі.
«3» саны шыққан болса
Бұл сан шыққан адамдар тез тіл табысатын әрі ерекше ойлы болып келеді. Бұл санмен көбінесе суретшілер, ақын-жазушылар дүниеге келеді. Олар өмірден барынша ляззат алып, жақындарына жақсылық жасауға тырысады. Әрдайым өз пайдасын шетке ысырып қоюға дайын. Махаббат пен ғадауатқа да берік келеді. Қалай сүйсе, дәл солай жек көре алады. Кез келген қиын жағдайдан фантазияларының арқасында шығып отырады.
«4» саны шыққан болса
Бұл санмен дүниеге келген адамдар өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, байсалды жандар. Жұмыста бағалы қызметкерлердің бірі. Сезімдерге көп беріле бермейді, алдына қойған мақсатына жетпей тынбайды. Жеңілтек адамдарды ұнатпайды. Қандай жағдай болмасын өз шешімдерін өзгертпейтін қырсықтықтары бар.
«5» саны шыққан болса
Бұл адамдардың стихиясы – таңғажайып оқиғалар мен тәуелсіздік. Олар спорттың экстремалды түрлерімен, ғылыми зерттеулермен айналысады. Саяхаттағанды жақсы көріп, сүйіктілеріне көп мән бермейді. Істің шешімін бірден тапқанмен, оны аяғына дейін жеткізбейді. Бостандығын шектейтін адамдармен тіл табыса алмайды.
«6» саны шыққан болса
Нумерология ғылымында 6 саны тұрақтылықтың белгісі. Алайда қай кезде болмасын доминант болуды жөн көреді. Материалдық құндылықтарды екінші орынға қояды. Мұнымен қатар, мансап жолында үлкен жетістіктерге жетеді.
«7» саны шыққан болса
Бұл адамдар өте ұяң. Бір жақты болуды ұнататындықтан, шешім қабылдауда қиналады. Қоғам ортасында қорғаушысының болуын қалайды. Өмірде кемелділікке жетіп, армандарын мақсатқа айналдырады. 7 саны рухани байлықтың белгісі.
«8» саны шыққан болса
Бай әулеттің баласы немесе болашақта дәулеті асқан байлықтың белгісі. Көп ақша табу үшін, күні-түні еңбектенуге дайын. Олар үшін атақ пен дәреженің маңызы зор. Тәкаппарлық, қаталдық, билік жүргізуге деген құлшынысы көп жағдайда мақсатына жетуге кедергі келтіріп отырады.
«9» саны шықса
Бұл сан шыққан адамдар өзгелерге сенгіш, әрдайым қол ұшын беруге дайын жандар. Айналадағыларға үнемі жандары ашып, қайырымдылықпен белсенді түрде айналысады. Өкінішке орай, адамдарды тани алмайды.