Театрдың қанша түрі бар?
Қанша рет театрға барып жүрсем де, осы театр сөзінің мағынасын білмейді екенмін. Өткенде кішкентай балам сұрағанда, ұялып қалдым. Және жалпы, біз білетін драма, опера театрынан басқа театрдың неше түрі бар?
Театр – гректің сөзі. Осы бір синкретті өнердің өзін тудырған ежелгі гректердің тілінде бұл, біріншіден, «отыруға ыңғайлы орын» дегенді білдіреді екен. Екіншіден, болып жатқан оқиғаны осы жерден көру дегенді білдірсе, тағы бір мағынасы «таңғаламын» дегенді аңғартады. Қазіргі кезде әлемдік деңгейде танымал бірнеше театр бар, Шығыс театры, Африка театры, Америка аборигендерінің театры, Еуропа театры, сондай-ақ жапондардың Но, Кабуки театрын да осы қатарға жатқызуға болады. Сондай-ақ қойылым кезіндегі актерлардың қатысуы мен іс-қимылына, жанрлардың ерекшелігіне қарай театрдың мынадай да түрлері болады:
Опера театры, балет театры, драма театры, аңдар театры, мүгедектер театры, қуыршақ театры, мюзикл, бір актердің театры, пантомима, пародия театры, поэзия театры, би театры, көлеңкелер театры, көше театры, эстрада театры.