Жақында Алматыда бірінші рет Республика алаңындағы Желтоқсан оқиғасы құрбандарына арналған ескерткішті көрдім. Бұрын оны тек теледидардан ғана көретінмін. Осы ескерткіштің авторы кім, толық атауы қалай?
Бақтияр МАНАТҰЛЫ, Ақтөбе қаласы
Оңтүстік астананың Желтоқсан және Сәтбаев көшелерінің қиылысында орналасқан «Тәуелсіздік таңы» монументі 2006 жылдың қыркүйек айында Елбасының қатысуымен Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына орай ашылған. Жобаның авторы, белгілі қазақ сәулетшісі әрі дизайнері Тимур Сүлейменовтің айтуынша, ескерткіштің композициялық құрылымы үш бөліктен тұрады. Ақ және ал қызыл гранит тастардан жасалған қос баған өткен күн мен келешектің арасындағы өзара байланысты, халықтың сана-сезімінің сілкінісі мен еліміздің тәуелсіздігін білдіреді. Ондағы оң қолына желмен желбіреген орамал, ал сол қолына көктем жаршысы саналатын символдық құс ұстаған, ұмтылыс пен самғаудағы әйел кейпі халықты әрқашан бірлік пен ынтымаққа шақырудың белгісі іспетті. Ескерткіштің үшінші бөлігі ою-өрнектерден тұрады. Алматы қаласы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, «Тәуелсіздік таңы» ескерткішінің құрылысына 176 278 000 теңге жұмсалған.
«Тәуелсіздік таңының» авторы – Тимур Сүлейменов
Последние статьи автора