Соңғы жылдары жолаушылар ұшақтарының апатқа ұшырауы жиіледі. Талай адамның өмірі әуе апаттарынан қиылып жатыр. Білейін дегенім, адамзат тарихындағы ең ірі әуе апаты қай жылы болды?
Нұраддин, Ақтөбе қаласы
Азаматтық авиацияның дамуымен бірге соңғы кездері дүниежүзінде ірі әуе апаттарының да жиілеп кеткені рас. Сарапшылар адамзат тарихындағы ең үлкен әуе апаты деп 1977 жылы наурыздың 27-сі күні болған қайғылы оқиғаны айтады. Канар аралдарындағы Лос-Родеос әуежайында екі Боинг-747 ұшағы соқтығысып, соның салдарынан 583 (!) адам опат болған еді. Мұндай адам шығыны бұған дейін, құдайға тәубе, одан кейін де болған жоқ. 2011 жылғы 11 қыркүйекте АҚШ-та болған атышулы лаңкестік әрекет те қазіргі заман тарихындағы ірі әуе апаттарының бірі саналады. Нью-Йорктегі Боинг ұшақтарының Бүкіләлемдік сауда орталығының екі мұнарасына соғылуы салдарынан, ресми мәлімет бойынша 3000-дай адам қаза болды.
Тарихтағы ең ірі әуе апаты қайсы?
Последние статьи автора