Тарақанды қалай құртуға болады?

Қайдан келгені белгісіз, үйде тарақан пайда болыпты. Тарақанды құртамыз дегендерді шақырып, залалсыздандырып едім, бірақ бір-екі күнен кейін қайта шықты. Тарақанды қалай құртуға болады?
Тамара ХАСЕНОВА,
Алматы облысы
Тарақан – ашық қалған тағамдарды жеп, ауру тарататын (дизентерия, сүзек, туларемия, гельминтер басқа да жұқпалы ішек инфекцияларының қоздыр­ғыш­та­рын), микроорганизмдерді тасымал­дай­тын кеміргіш жәндік. Ол кез келген үй зат­тарын кеміреді. Тарақандардың ішегінде тырыс­қақ рибриондары 75 сағаттан 15 күнге дейін тіршілігін сақтай алады.
Жалпы, үйде зиянды жәндіктерді бол­дыр­маудың жолы – тазалық. Егер олар үйде пайда болған жағдайда бір күнде құ­тылам деу жаңсақтық. Жәндіктермен күресті бірнеше күн бойына жалғастыруға тура келеді. Мысалы, бір рет пайда болған тарақандар жарты жылда дәрнәсілден (личника) дамып жетіледі.
Зарарсыздандыру:
Үйді залалсыздандыру жұмысын кешкі уақытта жүргізген жөн. Өйткені кешке өңдеу­ден өткізген соң, таңертең бөл­ме­лерді тазалап жуып, терезелерді ашып, жел­детіп алуға ыңғайлы. Химиялық өнім­дерді шкафтар мен буфеттің ірге жақтағы қабырғаларына, үстелдердің, сөрелердің төменгі жағына жағу қажет. Едендегі саңылауларға, құбыр жүйелеріне арнайы сұйықтықты құйып, су мен газ құбырларын, пештер мен газ плиткаларын тозаңдандыру керек. Ал таңертең ыстық сумен мұқият жуып алу шарт. Зиянды жәндіктерге қарсы күресте пайдаланып жүрген химиялық өнімдерді ауыстырып қолданған жөн, өйткені иіске жәндіктер үйреніп алады.
Ескерту: Зиянды үй жәндіктерімен күресте кез келген жекеменшік фир­ма­лар­дың қызметіне жүгінбей, рұқсаты бар ар­найы мекемелердің мамандарын ша­қыр­­ған жөн.
Ә.ҚҰРБАНОВ, Қ.ҚЫРДАСЫНОВ ҚР ДСМ МСЭҚК «Алматы қ. Дезинфекция станциясы» РМҚК мекемесінің мамандары

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста