Таптаурын жолға түспегейсіз

Таптаурын жолға түспегейсіз

Мол табыс, бақуатты тұрмыс, еркін, тәуелсіз өмір. Мұны қаламайтын адам жоқ. Ал оған қол жеткізу үшін адам не істеуі керек? Осы орайда біз мынадай кеңестер ұсынамыз:

* Болашаққа көз жіберіп үйреніңіз. Істі бастамай тұрып-ақ оның нәтижесін нақты орын алған жай ретінде көзге елестетіңіз. Яғни өзіңізге не керек: жақсы, жағымды орта, өзіңіздің өзгеріп, өркендегеніңіз, оның қанша табыс, байланыстар, мүмкіндіктер әкелетіні – бәрі-бәрін көзге елестетіңіз. Мақсатқа жетуге деген ұмтылысты үнемі күшейіп отырыңыз.

* Кей шешімдеріңіздің болуы мүмкін жағымсыз нәтижелерін де ойластырып, бағалай, одан керісінше, пайда табу жағын да ойластыра жүріңіз.

* Қаржылық сауатыңыз мығым болсын, белсенді және бұйығы кірісті ажырата біліңіз. Мақсатыңыздың түпкі нәтижесіне дейін жүйелі жоспарлаңыз.

Оның негізгі деңгейлері мыналар: қиналғанда керек резерв ұстау, қорғаныш жоспары, яғни шығыстарыңыз кірістен көп болмауы керек, жайлылық пен байлыққа жеткізетін жоспар. Бұларды қалай іске асыратыныңызды бастауыш сынып оқушысы түсінетін деңгейде жазып қойыңыз.

* Бастапқы капиталды жасай біліңіз. (Несие алу, идея табу,  арзандатылған тауарды алып-сату, қамқоршы табу, инвестор тарту, өзіңіз сияқтылармен бірігу, т.б.) Сосын өзіңізге пассивті табыс көзін ашыңыз.

* Кәсіпқой жандардың жәрдемін, тәжірибесін, уақытын пайдаланыңыз. Әсіресе бухгалтерлердің, олар дұрыс жол көрсете алады, сақтандырады, шығыстарды азайтады, кірісті өсіреді.

* Өзгелердің, әсіресе бай инвесторлардың тәжірибесінен үйреніңіз, жақсысын ала біліңіз. Ақпараттарды дұрыс пайдаланыңыз, ұстаз табыңыз, сіз одан көп нәрсе ала аласыз.

* Инвестицияға оның табыстылығына қарай көңіл бөліңіз. Шешімді тез жасап үйреніңіз. Іске ақша салып, оны көбейтіп үйреніңіз. Жолыңыз болмаса, одан бас тартыңыз. Бизнесте эмоция көп, жүйкеге түсетін нәрсе көп, соған дайын болыңыз.

* Табыстың төзімділік арқылы келетінін ұмытпаңыз. «Қырығына шыдап, қырық біріне шыдамай», табысқа бір қадам қалғанда бәрін тастап жібермеңіз. Жоспардан бас тартпаңыз, бірақ кей жағдайларға қатысты өзгерту керек болса, өзгертіңіз. Табандылық, жұмысқа қабілеттілік, жоспарға жұмыла білу – табыстың маңызды құрамдас бөліктері екені есіңізде болсын.

* Бизнесте түбі ақшаға айналатын нәрсені ғана істеңіз.

* Көпшілікпен жиі араласыңыз, шешен сөйлеп үйреніңіз. Қажет мамандарды жоспардағы іске қызықтырып, тарту үшін де тілге жүйріктік керек. Жұртты сендіре білу де өнер, олар қалай еріп кеткенін білмей қалатындай болуы керек.

* Бизнесті сата білу де маңызды. Қажет кезінде оны саудаға салуға да әу бастан дайындалғаны жақсы.

* Бизнесте заңмен тиым салынғаннан басқа әдіс-тәсіл, амал-айлалардың бәріне дайын болыңыз. Таптаурын болған жермен жүрмеңіз, жаңа жүйе ойлап табуды қарастырған жөн. Денсаулық, білім, сақтандыру салаларының бірін таңдасаңыз, адаспайсыз.

* Байлық деген – жұмыс істемей табыс таба білу. Яғни ақшаңыз «өлі» жатпасын, оны пайда еселейтін нәрсеге салып отырыңыз.

* «Аяқ астына» да қарай жүріңіз. Кейде табыс көзі ешкім ойламаған жерде жатады. Ұсақ-түйек демей, әр нәрсеге мән бере жүріңіз, мүмкіндік атаулыны қалт жібермеңіз. Нарыққа оған қажет нәрсені ұсына біліңіз, ол сізге мол пайда әкеледі.

* Қорқыныш, кертартпалық, үрей, күдік-күмән, жалқаулық, өз күшіне сенбеу немесе тым өзімбілермендік сияқты жаман қасиеттерден аулақ болыңыз. Өз кемшіліктеріңізді жазып қойыңыз. Қорқыныш астында мүмкіншілік тұратынын біліңіз, әрекет жасаңыз.

* Тоқтамаңыз, алға тартып отырыңыз. Дамыңыз, тәжірибеңізді, адамдарыңызды да дамытып отырыңыз. Қарым-қатынаста, басшылықта, уақытты пайдалануда, эмоцияны басқаруда, қажетті адам жинауда, салық заңдылығын білуде, тағы басқа да жағдайларда санаңызды сергек ұстаңыз.

* Өмір – мектеп, жақсы оқи біліңіз. Сәтсіздіктің өзінен өзіңізге пайдалы нәрсе тауып үйреніңіз.

* Ата-тегіңізде, өзіңізде бай болуға мүмкіндік беріп, жол ашатын қасиеттер бар ма, осыны да бір ауық зерттеп қойыңыз. Өзіңіздің бай адам болуға тиіс екеніңізге сеніңіз.

* Тіліңіз бен түйсігіңіз, санаңыз «жоқ», «болмайды» дегеннен аулақ болсын. «Иә», «Істей аламын», сондай-ақ «бұған мен қалай жете алар едім?» деген тұрғыда ойлап, әрекет етсеңіз, сіз әрқашанда байлыққа жетелер жол табасыз.

* Бойыңыздан жомарттық та табылуы керек. Бірден байып кетпесеңіз де кейде қамқорлық, жәрдем жасай жүріңіз. Мейірім, қамқорлық жауапсыз қалмайды. Отбасына, туыстарға, достарға, денсаулыққа, білімге түрлі қызығушылықтарыңызға уақыт таба біліңіз. Олар сізді әрқашан ынталандырып отыратыны анық.

* Өзіңіздің қызығушылық, құмарлығыңызды оятып, арттыратын іспен айналысыңыз. Сонда сіз әрқашан да алға ұмтылатын боласыз.

М. СЕМБЕК.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста