Қант қосылған жүгерінің қауызы мен шоколад түйіршектерін балалар жақсы көреді. Дегенмен құрамында қанты өте көп болғандықтан (363 ккал 100 г) таңғы асқа балаларға берудің қажеті жоқ.
Орнына: көкөніс қосылған омлет
Цитрусты фреш
Жеміс қышқылы асқазан шырышындағы тұз қышықылын еселеп шығаратындығына байланысты күнделікті цитрус шырындарын тұтыну құрамындағы денсаулыққа зиянды псорален мен фурокумариндар ағзаға жағымсыз әсерін күшейтеді.
Орнына:өсімдік шайлары
Жеміс пен көкөністер
Балаға таңғы асқа жеміс пен көкөністердің таза өзін берудің керегі жоқ.Өйткені, қышқылдардың асақазанға тигізер жағымсыз әсері зор. Мысалы, хурма мен қызанақтың құрамындағы үлкен көлемдегі пектин мен илік қышқылы асқазан тасының пайда болуына әкеледі.
Орнына:көкөніс сорпалары
Ашымал сүт өнімдері
Ашымал сүт өнімдерінің бала асқазанына келтірер зияны жоқ деуге болады.Сонымен қатар оның аш асқазанға тутынғаннан пайдасының да болмайтыны белгілі. Асқазандағы қышқыл бала ағзасына керекті лакто- және бифидобактерияларды бейтарап қалыпқа түсуруі мүмкін. Дұрысы: йогуртты жарты не бір сағаттан кейін тұтынған.
Орнына:мүкжидек морсы
Бутербродтар
Нан құрамындағы көмірсулар қан құрамында қант деңгейін көтеріп ұйқы безінің шамадан тыс инсулинді шығаруына себеп болады.Ал ол өз кезегінде баланың артық салмақ жинауына себеп болады.
Орнына: бал және кептірілген дақылдар мен жемістерден дайындалған батончиктер