Ертеңгісін бет неше түрлі себеппен ісуі мүмкін, кейбір жағдайда тұтынған тағамдарыңыз да бұған әсер етіп жатады. Таңертеңгілік бет-әлпеттің ісінуіне не себеп?
Кешкі асқа жарамайтын тағам
Таңертең бетіңіздің ісуіне кешкі аста жеген бір қорап картоп чипсылері себеп болуы мүмкін. Жарамайтын тағамдар санатына басқа кейбір тұзды және бұрышты заттар жатады, сондай-ақ жартылай фабрикаттарға қосылатын натрий глутаматы да кіреді. Бұл тағам ағзадағы сұйықтықты өзіне сіңіріп, нәтижесінде ісінулер пайда болады. Сондықтан да ұйықтар алдында мұндай өнімдерді тұтынбаған абзал. Лактозаны нашар қорытатындарға кешкісін сүт өнімдерін пайдаланбаған дұрыс.
Тозаңға туындаған аллергия
Ісінген бет айтылған өнімдерді тұтынудан емес, аллергиядан болуы әбден мүмкін. Ісіну көп жағдайда тітіркендіргіш заттарға қарсы жауап ретінде болуы мүмкін. Бұған шаң-тозаң, жануарлардың жүні, қылшығы себеп болуы мүмкін. Аллергиялық реакцияны көрпе мен жастықтардағы қоздырғыш қоңыздар да туғызуы мүмкін. Сол себепті аллегиясы бар адамдарға аллергия тудырмайтын төсек жабдықтарын алу керек.
Гормоналды өзгерістер
Әйел адамдарда беттің ісінуі кейде етеккір кезінде болуы мүмкін. Мұндай кездері несеп айдайтын шайды немесе осындай әсер беретін өнімдерді пайдаланған дұрыс, мәселен қояншөп.
Таңертеңгілік ісінуді қимыл-қозғалыс тез қалыпқа келтіреді, бұл тіндерде жинақталған сұйықтықты шығарып, зат алмасуды реттейді. Ертеңгісін көзі ісетіндерге тоңазытқышта сәл ұстаған шай қасықты басса болады.