Астрологтардың пікірі бойынша, қауіпті күндер түрлі астрономиялық оқиғалар орын алған кезде пайда болуы мүмкін. Тамыз айында сақтықты қажет ететін дәл осындай бес күн бар.
Күнделікті жұлдыздардың жер шарына, планеталарға әсері адамдарға да мейлінше әсерn етеді. Біздің көбімізде бұл өзін-өзі сезінуде, жұмысты істеуімізде байқалып жатады. Денсаулықты сақтап, сәттілікті сезіну үшін тамыз айының қандай күндері сақ болған дұрыс екендігін сарапшы мамандар анықтап көрген болатын.
8 тамыз: Марс пен Шолпанның тригоны
Керітартпа Марс көңіл-күйге қатты әсер етіп, іс жүзінде жанжалға итермелейді десек те болады. Бұл күні бейтаныс адамдармен іскерлік ынтымақтастықтан бас тартып, мүмкін болса қаржылық операцияларды кейінге қалдырған жөн. Ғаламшар аспектісі ұзақ күткен сатып алуды, әсіресе тұрмыстық техниканы алуға мүмкіндік бермейді. Сатып алған жағдайдай ол бірден бұзылуы ықтимал. Астрологтар 8 санына шыдамды болуға және адамдар көп шоғырланған жерде аз уақыт өткізуге кеңес береді.
11 тамыз: күннің жартылай тұтылуы
Арыстан кезінде күннің тұтылуы созылмалы аурулардың, оның ішінде жүрек-қан тамырларының асқынуына түрткі бола алады. Бұл күні астрологтар қайраңдап қалу қаупінің жоғары екендігін атап өтеді. Демек, ірі мәміле жасауды немесе дүние сатып алуды кейінге қалдырған дұрыс. Осынау астрологиялық оқиға уақытында кез келген жанжалды жағдайды туындауынан алшақ болған жөн, тағдыр шешімді шешімдер де қабылдамау қажет. Жаңа бастамаларды да барынша қолайлы уақытқа қалдыра тұру керек. 11 саны кезінде оңаша қалып, беріле жұмыс істеу өте дұрыс болады. Ал созылмалы аурулармен ауыратындар өздерінің денсаулықтарын қолдайтын шараларды қабылдаған жөн.
16 тамыз: Марс пен Айдың квадратурасы
Астрологтардың пікірінше, қолайсыз аспект іскерлік сала үшін сәтсіз және жойғыш болып келеді. Көптеген адамдар тітіркендіргішті және теріс эмоциялардың өршуін сезінеді, демек дау-дамайлар ерлі-зайыптылардың да арасында орын алады. Бұл күні серіктестердің сенімін жоғалтып, ірі мәмілелерді бұзуға болады, сондықтан ұстамды болған жөн. Импульсивтік әрекеттер мансап жолында өсуге қауіп төндіреді. Демек, 16-сы күні қарапайым жұмыспен айналысып, жанжалды жағдайлардың дамуына жол бермеу
керек. Ғарыш денелерінің ықпалы денсаулыққа да әсер етеді. Астрологтар жұмыс кезінде де, тұрмыста да қиындықтарға тап болып, жарақат алу мүмкіншілігі бар екендігін ескертеді.
20 тамыз: Магнит дауылы
Жердің магнитосферасының бұзылуы тамыз айының соңында орын алады және болжам бойынша бұзылу шыңы 20-сына тап келеді. Бұл күні метеосезімтал адамдар күндізгі күйзелістің, сырқаттанудың, дүрбелең шабуылдардың және күшті шашыраудың басқа да жағымсыз салдарының белгілерін сезінуі мүмкін. Бұл күні энергияны қажет ететін жұмыстардан бас тарту керек. Астрологтар магниттік дауыл кезінде өздерін қорғау үшін сақтық шараларын қолдануды ұсынады.
26 тамыз: Айдың толуы
Балықтарда Ай толған кезінде жақын жандармен жанжалдасу қаупі өте жоғары. Бұл күнді өзіңізбен және айналаңыздағы әлеммен үйлесімде өткізу маңызды. Әйтпесе күшті эмоциялар қарым-қатынастарға зиян тигізуі мүмкін. Толған айдың қарқынды әсері еңбекке қабілеттілікке де әсер етеді: жалқаулық және тікелей міндеттерді орындауға құлықсыз. Тіршілік етуге қажетті қаражатсыз қалмау үшін кез келген ақша операцияларын болдырмау керек. Қаржылық жағдайды тиімді әрекет ету арқылы түзетуге болады.
Тамыз айында бірнеше ғаламшар кертартпалық қозғалыста болады. Бұл адамдардың белсенділігін төмендетеді және олардың ісіне, сонымен қатар денсаулығына да кері әсерін тигізуі мүмкін. Соңғы жаз айларында астрологтар сақтықпен әрекет етуді және импульстік әрекеттерді жасамауға кеңес береді. Өмірдің сәтсіздігіне тап болмау үшін тыңғылықты әрі абай болу қажет.