Тағам өнімдерін тасымалдаудың тәртібі қандай?

Тағам өнімдерін тасымалдаудың тәртібі қандай?

Мен жеке кәсіпкерлікті бастадым. Нан пісіріп, дүкендерге таратпақпын. Нанды өз жеке көлігіммен тасуыма бола ма?
Тахир РАСУЛОВ,
Алматы облысы
М.БІРЖАНОВ, Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша МСЭҚБ бастығы:
–Тағам өнiмдерiн тасымалдауға арнайы автокөлiк қолданылуы тиіс. Тағам өнiм­де­рiмен бiрге тағамдық өнiмдерге жатпайтын та­уарларды та­сымалдауға тыйым салынады. Та­ғам өнiм­де­рiнiң арнайы түрiн (сүт, шұжық, кремдi кондитер өнiм­дерiн, нан, ет, балық, жар­тылай дайындалған та­ғамдық өнiм­дер­дi) тасымалдауға арнайы кө­лiк бөлiнiп, ол тасымалдайтын өнiмдi көр­сететiн белгiмен таң­баланады.
Тамақ тасуға рұқсат берілген көлiктің са­ни­­тарлық төлқұжаты болуы, көлiктiң iшi жуып-тазалауды оңайлататын және за­рар­сыз­дандыру жұмыстарын жүргiзуге қолайлы ма­­териалдармен қапталуы керек.
Сонымен қатар жүргiзушi-экс­пе­ди­тор­дың медициналық тексеруден өткенiн рас­тай­тын жеке медициналық кiтапшасы болуы шарт. Ол арнайы жұмыс киiмiн киiп, та­ғам­дық өнiмдердi та­сымалдау ережесi мен же­ке басының та­за­лы­ғын сақтауы тиiс. Та­сы­мал­дау жұмысын ат­қару кезiнде (тем­пе­ра­ту­ра, ылғалдылық дең­гейi) өнiмдi та­сы­мал­дауға қо­йылатын қол­да­ныстағы нор­ма­тив­тiк-құ­қық­тық актiлердiң та­лаптары сақталуы ке­рек.
Нанды бiрiнiң үстiне бiрiн қойып тасуға бо­л­майды. Нан және басқа да нан өнiмдерi ас­таушаларда, қолданыстағы нормативтiк-құ­­қықтық актiлер талаптарына сай та­сы­луы шарт. Кондитерлiк тағамдарды ашық ыдыс­тарда, астаушаларда тасуға бол­май­ды.
Тағам өнiмдерiн (олардың қаптамасы­на қа­­рамай) тасымалдауға арналған арнайы кө­­лiктi басқа мақсатта пайдалануға бол­­май­ды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста