Таэквондо мен тхэквондоның айырмасы не?

Таэквондо мен тхэквондоның айырмасы не?

Таэквондо спортымен айналысып жүргеніме көп болған жоқ. Байқағаным, көбісі спорттың осы түрін тхэквондомен шатастыратын сияқты. Жалпы, таэквондо мен тхэквондоның арасында қандай айырмашылықтар бар? Сондай-ақ таэквондо деген сөз қандай мағынаны білдіреді? Қайдан шыққан спорт түрі?
Азамат ТОҚМОЛДАЕВ,
Тараз қаласы
Кешіріңіз, Азамат, бұл жерде көпшілік емес, сіз шатасқан сияқтысыз. Өйткені таэквондо мен тхэквондо – бір спорт. Тек әркім әрқалай атай береді. Сонымен қатар кейбіреулер таэквон-до деп те айтып, жазып жүр. Бұл да қате емес. Жалпы, спорттың бұл түрін 1955 жылы кәріс генерал-майоры Чой Хон Хи дүниеге әкелген. Таэквондо мектептерін көптеп аша бастаған генерал-майордың еңбегі еш кеткен жоқ. Көп ұзамай-ақ Кореяда, кейіннен бүкіл әлемде таэквондо үйірмелері ашыла бастайды. Енді таэквондо сөзінің түп мағынасына келер болсақ, кәріс тілінен аударғанда таэквондо үш сөзден құралғанын байқауға болады. Яғни «таэ» – аяқ, «квон» – жұдырық және «до» – өнер. Демек, бұл сөздің қазақша баламасы аяқ пен жұдырықтың өнері болмақ.
Тағы бір айта кетеріміз, таэквондода басқа жекпе-жек түрлерімен салыстырғанда биікке секіру және аяқпен тебу көбірек. Ал бүгінде әлемде таэквондо федерациясы үшеу. Оның кең тарағаны және таны­малы — WTF (Дүниежүзілік таэквондо федерациясы) жүйесі. 1973 жылдың 28 мамырында дүниеге келген бұл федерацияға бүгінде 188 ел мүше. 2000 жылдан бастап Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген. Бұдан басқа, ІТҒ (Халықаралық тхэквондо федерациясы) және GTF (Жаһандық тхэквондо федерациясы) федерациялары бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста