Сауда орындарында «ДА-ДА», «Пико», «Грацио» т.б. табиғи шырындардың түрi көп. Расында да, солардың бәрi табиғи шырын ба? Табиғи шырын сатып алғанда, неге көңiл бөлген жөн?
Ермек Мұсақұлов, Ақтөбе облысы
Мамандардың айтуына қарағанда, табиғи шырындардың бәрi де зертханалық тексеруден өткен, зиянсыз, адам денсаулығына пайдасы мол. Шырындар көкөнiс, жемiс консентраттарынан жасалады және құрамында микроэлементтер, минералдар, витаминдер, адам ағзасына қажеттi басқа да заттар көп. Шырын сатып алғанда, сақталу мерзiмiне қараңыз. Мерзiмi өткен шырын қауiптi. Әр жемiстен жасалған шырынның адам денсаулығына әртүрлi пайдасы бар. Мысалы, апельсин шырынын – күйзелiске, ашушаңдыққа; жүзiм шырынын – өкпе ауруына, әлсiреуге; алма шырынын – сүйек қатайтуға; қызанақ шырынын – есте сақтауды күшейтуге (әсiресе жүзiм шырынымен кезектестiрсеңiз); анар шырынын асқазан ауруына, бауырға, терiнi және шашты жақсартуға пайдаланады.
Табиғи шырынның денсаулыққа пайдасы мол
Последние статьи автора