Қазір сыраны екінің бірі ішеді десем артық айтқаным емес. Осы алкогольді өнімнің құрамында қандай химиялық заттар бар?
Еркін Қалиев, Алматы қаласы
Спиртті ішімдіктерді зерттеген ресейлік мамандардың еңбегіне сүйенсек, сыра құрамының 93 пайызы судан тұрады. Бұдан бөлек көмірсулар, этил спирті, азотты қоспалар мен өсімдіктерден алынатын ферменттер бар. Сыраның түсін сарғылт не қоңыр етіп тұратын қоспа – декстрин атты көмірсу. Кермек дәмі бар ішімдікке пропил, бутил жоғарғы спирттері (100 мг/л) мен этилформиат, бутилацетат эфирлері де қосылады. Бірақ су мөлшерінің көптігінен спирттің адам ағзасына кері әсері болмайды. Азотты заттардан полипептид және амин қышқылдары пайдаланылады. Зерттеушілердің мәліметінше, сыра құрамындағы амин қышқылдарының тағамдық құндылығы өте төмен болады. Есесіне, адам ағзасына зияны да аз.
Сыраның құрамында не бар?
Последние статьи автора