Көлігімнің әйнегінде жарықшақ пайда болды. Шағылып қалғалы тұр. Мен соған қарамастан, ара-тұра қала көшелеріне шығып серуендеп қайтамын. Егер мені жол полицейлері тоқтатса, қандай шара қолдануы мүмкін? Әлде сынық әйнек үшін жазаламай ма?
Дәурен, Алматы қаласы
ҚР Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитеті мамандарының мәліметінше, ҚР Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережесінің «Жарамсыздықтар мен көлік құралын пайдалануға тыйым салынатын жағдайлардың тізімі» (7.4) тармағына сәйкес, автокөліктің маңдай әйнегінің жүргізуші отыратын бөлігінің тазалағыштар қозғалатын аумағында жарықшақ болғанда, көлік құралын пайдалануға тыйым салынады. Егер сызат терезе тазалағыштар қозғалатын аумақтан төмен немесе жоғары жақта болса, көлікті пайдалана беруге рұқсат етіледі.
Сынық әйнек үшін жазалай ма?
Последние статьи автора