Биыл жоғары оқу орнын аяқтадым. Енді жұмысқа тұрсам деген ойым бар. Жақында бір компанияға түйіндемемді тапсырып едім, бастық «екі ай сынақтан өтесің» дегенді айтты. Осы заңды ма? Жалпы, сынақ мерзімі заң бойынша қанша уақытқа созылуы керек?
Алма Қуанышқызы, Алматы қаласы
Жұмысқа қабылданар алдында маманның тәжірибесі мен іскерлігін, қабілетін байқау үшін сынақ мерзімін тағайындау заңға қайшы келмейді. Ол еліміздегі Еңбек кодексінің 36-бабында қаралған. Маман іскерлігін таныта білген жағдайда басшы сынақ мерзімін уақытынан бұрын аяқтау туралы шешім қабылдай алады, ал сынақ уақыты үш айдан аспауы керек. Бұл уақыт аралығында сынақтағы адамға жалақы төлеу-төлемеу мәселесі жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы келісімшартта қаралады. Егер мекемеде сынақ туралы талап болмаса, онда қызметкер жұмысқа сынақсыз қабылданды деп есептеледі.
Сынақ мерзімі қаншаға созылады?
Последние статьи автора