Шымкенттегі мектептер мен оларда оқитын оқушылар саны қанша?
Шымкент халқының санын миллионға жеткізу жайлы сөз болып жүр. Осы орайда менің білгім келгені, Шымкенттегі мектептер мен оларда оқитын оқушылардың саны қанша?
Әсемкүл ӨМІРЗАҚОВА, Қарағанды облысы
2012-2013 оқу жылында Шымкент қаласында жалпы білім беретін мектептер саны 87 болып, ондағы оқушылар саны 104 668-ді құраған. Яғни 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы бала саны 3546-ға өсіп отыр. 87 мектептің 84-і – күндізгі мектеп, 3-еуі – кешкі мектеп (Абай ауданы – 1, Әл-Фараби – 2) , оның 70-і – типтік, 14 ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан.
Оның ішінде: Абай ауданында 33 мектеп, оқушы саны – 41 307, типтік мектептер саны – 23, ыңғайластырылған мектептер саны – 7, орта мектептер саны – 30, негізгі мектеп – 1, мектеп-балабақша – 1, кешкі мектеп – 1.
Әл-Фараби ауданындағы мектептар саны – 28, онда білім алған оқушылар саны – 34 370.
Типтік мектептер саны – 24, ыңғайластырылған мектептер саны – 4, орта мектеп – 26, негізгі мектеп – 2, мектеп-балабақша – 0.
Еңбекші ауданындағы мектептер саны – 26, онда білім алған оқушылар саны – 28 468, типтік мектептер саны – 23, ыңғайластырылған мектептер саны – 3, орта мектептер саны – 22, негізгі мектептер саны – 2, мектеп-балабақшалар саны – 3.