Суши зиянды деген сөз рас па?
Қазір жапон асханасының негізгі асы – сушидің зияны туралы неше түрлі әңгімелер айтылады. Бұл ғылыми түрде дәлелденген бе? Ағзаға қауіп төнбес үшін сушиді қанша мөлшерде тұтыну керек?
Жанаргүл, Алматы қаласы
Жапонның күріш пен теңіз өнімдерінен әзірленетін ұлттық тағамының қаупі ресми түрде дәлелденген. Былтыр Еуропаның, Американың және Австралияның диетологтер қауымдастығы бірауыздан сушиді ағзаға қауіпті ас деп тапты. Қыздырып өңделетін кез келген шикі өнім сияқты суши де тез бұзылып, бактериялар таратуға бейім. Сушидің жедел және созылмалы ішек ауруларына себеп болған жағдайлары әлем дәрігерлерінің тәжірибесінде көптеп кездеседі. Ол описторхис, жалпақ таспақұрт, нематод сияқты гельминттердің (паразит құрттар) ошағы бола алады. Ролл сушилерінің бір түйірінде 92 мкг йод болады, ал йодтың адамның бір тәулікте қолдануы тиіс мөлшері – 112 мкг. Демек, екі не одан көп ролл жеген адамның өмірі қыл үстінде болады. Қалқанша безі ауыратын адамдардың мұндай тағамдардан мүлдем бас тартқаны жөн.