Сүндеттеудің пайдасы көп
Менің ұлым сүндеттейтін жасқа келіп қалды. Әрине, баланы сүндетке отырғызу мұсылмандардың парызы екенін білемін. Бұдан бөлек дәрігерлер сүндетке отырғызу медициналық жағынан да өте пайдалы екенін айтады. Оның қандай пайдасы бар екенін білуге бола ма?
Асқар БЕКТЕМІРОВ, Алматы қаласы
Тақ санды кие тұтатын халқымызда баланы үш, бес, одан асып кетсе жеті жасқа толтырып барып сүндетке отырғызу қалыптасқан. Ал медициналық тұрғыда баланың жасына мән берілмейді.
Сүндеттің пайдасы:
Сүндеттелген ерлер жыныстық қатерлі ісікке өзгелерге қарағанда анағұрлым аз шалдығады; ері сүндеттелмеген әйелдерде жатыр мойнының қатерлі ісікке шалдығу қаупі алты есеге жоғары болады; жыныстық жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі сүндеттелмегендерде сегіз есе жоғары; сексопатологтар отбасы бақытын сақтауда да сүндеттелудің қажеттілігін мойындаған; Сүндеттеу фимоз (жыныс үрпісінің жиырылып, ашылмай қалуы), парафимоз, баланит, баланопостит кеселдерінің алдын алады; сүндеттелген ұлдарға тазалықты қадағалау, оның күтімі әлдеқайда жеңіл де қолайлы болады. Инфекцияның пайда болуы бір пайызға азаятындығы дәлелденген. Сүндеттелмеген жігіттердің СПИД-пен ауыру мүмкіндігі «мұсылмандарға» қарағанда сегіз есе жоғары болып келеді.
Зерттеу жұмыстары сүндетке отырғызу арқылы қатерлі дерттің 60 пайызға азайғанын көрсеткен.