Шүменов кіммен жұдырықтасады?

Шүменов кіммен жұдырықтасады?

Жақын күндері қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовтің чемпиондық атаққа таласатынын естідім. Ол Қазақстанда өте ме? Қарсыласы кім болмақ және ол қандай чемпиондық атақ?

Ринат ЖҰМАХАНОВ, Тараз қаласы

Осының алдында америкалық Байрон Митчелмен жұдырықтасқан шымкенттік кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовтің келесі қарсыласы испандық майталман Габриэль Кампильо болмақ. Бүгінде WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағына ие пиренейлік саңлақ сол атағын қорғау үшін Қазақстанға келеді. Нақтырақ айтсақ, Шүменов пен Кампильо арасындағы жекпе-жек 15 тамызда Астана қаласының Ұлттық теннис орталығында өтеді. Егер жерлесіміз жеңіске жетсе, онда спорттық ғұмырында тұңғыш рет әлем чемпионы атанады.

Айта кетейік, Бейбіт ШүменовтІң менеджері, бір жағынан, туған ағасы Шыңғыс Шүменов Кампильомен келіспей тұрып, WВС тұжырымының жартылай ауыр салмақтағы дүниежүзінің абсолютті чемпионы канадалық Жан Паскальмен келісімшарт жасасуға тырысқан көрінеді. Алайда Паскаль бұл айқастан бас тартыпты. Кім біледі, бәлкім, қорыққан шығар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста