Кез келген әйел сүйіктісінің көңілінен не шығатынын жақсы біледі. Әдемі іш киім, шұлық және шам нағыз романтикалық кештің сәнін келтіре түсері анық. Алайда, ерлер қауымына не себепті шулық киген қыздар ұнайтынын көбі білмей жатады деп жазады fishki.net сайтына сілтеем жасаған NUR.KZ.
1939 жылы 24 қазанда дүкендерде алғаш рет шұлықтар сатыла бастады. Бастапқыда қыз-келіншектер жаңадан шыққан киімге аса мән бермегенімен, кейіннен бірде-бір әйелді шұлықсыз елестету мүмкін еместей болып кетті. Ол біріншіден аруларды ыңғайлылығымен баурап алса, екіншіден ерлер қауымын еліктіре түсті.
Ирина Каледина есімді сексолог маман шұлықтың ерлерге солай әсер етуінің себебін анықтап көруге тырысты.
Оның мәлімдеуінше, бұл жағдай азаматтардың айтылмай қалған сыр мен құпия дүниелерге деген әлсіздігімен түсіндіріледі. Яғни, колготки ер адамдар үшін таңғаларлық жағдай туғызбаса, шұлықтар керісінше оларды еліктіріп жатады.
Наталья Приймаченко есімді психолог болса, шұлықтан алатын әсерге кино мен жарнамалар кінәлі дейді.
"Шұлық киген қыздардың суреттері ерлерге екі себеп бойынша әсер етеді. Біріншіден, шұлықтағы ару сексуалды әрі тартымды болып көрінеді. Азамат бұл сылқыммен тыйым мен шектеуге мән бермеймін деп есептейді. Шұлықты ер адамдарды өзіне қаратып алудың мықты құралы деп сеніммен айта аламын" , - деді психолог.