Шүлен тарату – Наурыз мерекесiндегi қайырымдылық
Наурыз мерекесiне байланысты шүлен тарату деген үрдiс бар екенiн естiдiм. Ол қандай үрдiс және қай уақыттан бастау алған?
Мереке РЫМБЕКОВ, Ақмола облысы
Елiмiздiң оңтүстiгiнде, Орта жүздегi Қоңырат iшiнде Оразгелдi деген ру бар. Сол рудың «шүлен таратқан Оразгелдi» деген айдары қоса жүредi. Мұның төркiнiн қариялар былай деп түсiндiредi. «Ертеде Оразгелдi деген байдың төрт түлiк малы сансыз көп болған шағында қайырымдылық жасауды қолға алған көрiнедi. Наурыз мерекесi келгенде, адам аяғы жететiн жерлердегi ауылдардың тұрғындарын жиып, ұлан-асыр ас берiп, ас тарқаған соң, кедей-кепшiкке, жетiм-жесiрге мал үлестiрiп, Алланың рақымына бөленген екен. Оразгелдi байдың ұрпақтары, бай-бақуатты адамдар Наурыз мерекесiнде ас берiп, шүлен таратуды қайырымдылық мерекесiне айналдырып, Кеңес өкiметi келгенше жалғастырып келген. Кеңес өкiметi қазақтың қорасындағы малын алып, қайырымдылық мерекесiнiң түбiне балта шапты».
Үзiлген үрдiс – қайырымдылық мерекесiн қайта жалғастырайық!