Сүйелді қалай кетіреді?
Бірнеше уақыт бұрын қолыма сүйел шыққан еді. Қанша ем қолдансам да, кетпей қойды. Дәрігерлердің айтқан кеңестерінен де еш нәтиже болмады. Осы ескі сүйелді қалай кетіруге болады?
Маржан Қонақбайқызы, Алматы қаласы
Ескі сүйелді былайша емдейді: үстіне алоэ немесе көк сабын ұнтағын салып, бетін клеенка не компресс (пергамент) қағазымен жабады да, жабысқақ пластырь лентасымен орап қояды. Ал 3 г сүт қышқылы, 3 г салицил қышқылы және 24 г эластикалық коллодий қосылған сұйықтықты 3-4 апта бойына күнде жағып отырған жағдайда да жақсы әсер етеді. Ем жасалғаннан кейін 5-10 минуттан соң, ыстық сабынды сода ваннасына (0,5 ас қасық соданы 2 л сабынды суда ерітеді) аяқ-қолды салып, соңында сүйелді қырып тастайды. Негізі, терідегі қандай да бір ақауды жою үшін алдымен дәрігердің көмегіне жүгінген абзал.