Дәрігерлер суды күн сайын 1,5 литрден кем ішпеуге кеңес береді. Бірақ мен бір жерден суды көп ішуге болмайтынын оқыдым. Қайсысы дұрыс?
Гүлжан ТАБЫЛДЫ, Шымкент
Профилактикалық медицина қызметкерлері «тым көп мөлшердегі су ас қорытуды нашарлатады, жүрек-қан тамырлары жүйесі мен бүйрекке артық салмақ түсіреді, ағзадағы пайдалы заттардың бүйрек пен тер бездері арқылы сыртқа шығуы ұлғаяды, бұлшық еттердің жұмысы нашарлап, кейде тіпті адамның сіңірі тартылып қалу жағдайлары да кездеседі» дейді. Үнемі шөл қысып тұру әлдебір аурудан, мысалы, сусамырдан хабар береді.
Дегенмен суды аз пайдалану да ағзаның белсенділігін төмендетеді: адамның салмағы азайып, қанның жабысқақтығы ұлғаяды, дене қызуы көтеріліп, тамыр соғысы жиілейді, жүрегі айниды. Дені сау адам күніне 1,5-2 литр таза су ішуі тиіс. Ал шаймен, тамақпен қосқанда күніне 3,5 литрдей сұйықтық ішіледі.
Суды көп ішу керек пе?
Последние статьи автора