Судьялыққа кандидаттар тағылымдамадан өтуге міндетті ме?

Осы судьялыққа үміткерлер тағылымдамадан өтпей-ақ судьялыққа өте ала ма? Қандай жағдайда тағылымдамадан өтуден босатылады?
Еркін,
Алматы облысы 
Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуiнiң негiзгi мiндетi аудандық және оған теңестiрiлген сотта жұмыстың ерекшелiгiн зерделеу, судья лауазымындағы жұмысы үшiн қажеттi практикалық және ұйымдастырушылық дағдыларды игеру болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген теріс себептер бойынша судья ла­уазы­мынан босатылған тұлғаларды қоспаған­да, бұрын кемінде үш жыл тұрақты судья бо­лып жұмыс істеген және жұмыстан босатылған күн­нен бастап бес жылдың ішінде қайтадан судья лауазымына орналасуға ниет білдірген тұл­ғалардың тағылымдамадан өтуі талап етіл­мей­ді. Мамандандырылған магистратурада оқуды аяқтаған тұлғалардың оқуды аяқтаған күннен бастап бес жыл ішінде тағылымдамадан өтуі талап етілмейді. ҚР Конституциялық за­ңын­да, «Құқық қорғау қызметі туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңдарында көзделген теріс себептер бойынша судья лауа­зымынан, құқық қорғау органдарынан немесе өз­ге мемлекеттік қызметтен босатылған тұлға­лар тағылымдамадан өтуге жіберілмейді. Тағылымдама аудандық сотта ұйымдастыры­лады. Тағылымдамадан өту мерзімін облыс­тық соттың және оған теңестірілген соттың төр­ағасы тоғыз айдан бір жылға дейінгі шекте белгілейді. Заңгерлік мамандығы бойынша бес жылдан артық жұмыс тәжірибесі бар, сон­дай-ақ құқықтың белгілі бір саласында ғы­лыми дәрежелері мен атақтары бар адам­дар үшін тағылымдамадан өту мерзімі оның ең­бек өтіліне, заң мамандығы бойынша ат­қарып отырған қызметіне және судья қызме­тін­е орналасу үшін оның кәсіби даярлығының деңгейін айқындайтын негіздердің басқа да де­ректеріне байланысты алты айдан тоғыз айға дейін шекте белгіленеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста