Студенттер спортында қанша федерация бар?

Бізде студент спортшылар федерациясы бар екенін білемін. Ал Қазақтың спорт және туризм академиясында оқитын таныстарым спорт университеттері арасында да бір федерация бар дейді. Екеуі бір федерация ма, әлде бөлек пе?
Бибігүл АЖЕНЕЕВА,
Алматы қаласы
Екеуі – екі бөлек ұйым. Қазақстан студенттер спорты федерациясы – FISU (Халықаралық студенттер спорты фе­де­рациясының) құрамына кіре­тін ұйым. FISU-дің құрамына 100-ден астам ел кіре­ді. Президенті – фран­цуз Клод Луи Гальен. FISU ресми түрде 1949 жылы құрылған. Бірақ І Бү­кіл­әлемдік универсиада 1923 жылы Парижде өткен. Яғни тамырын сонау 20-жылдардан тартады.
Ал сіз айтып отырған екінші ұйым, ол – Халық­аралық дене шынықтыру және спорт уни­вер­ситет­терінің қауымдастығы. Дене тәрбиесі мен спорт са­ла­сындағы жоғары оқу орындарының қауым­дас­тығы 2009 жылы Алматыда құрылған. Бұл қауым­дастық Қазақтың спорт және туризм ака­демиясының бастауымен дүниеге келген. Халық­аралық дене шы­нықтыру және спорт универ­си­теттерінің қауымдас­тығының президенті – қазақ Қайрат Закирьянов. Бү­гінде бұл ұйым­ның құра­мына 42 елдің университеттері қабыл­данған. Олар­дың қатарында бұрынғы Кеңес Одағы құра­мындағы елдерден басқа Ұлы­бри­тания, Испания, Аргентина, Румыния, Болгария, Қытай, Түркия, Корея секілді мемлекеттердің уни­верситеттері бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста