Студенттер күні қашаннан бері атап өтіледі?
Кеше көптеген елде Халықаралық студенттер күні атап өтілді. Осы күннің шығу тарихынан аз-кем мәлімет берсеңіздер.
Сәния Жұмабекқызы, Алматы облысы
Халықаралық Студенттер күні 1946 жылы Чехияның астанасы Прага қаласында өткен 1939 жылғы 17 қарашада фашистік неміс басқыншылары атып өлтірген чех патриот студенттерін еске алуға арналған Дүниежүзілік студенттер конгресінде 17 қарашаны патриот чех студенттерінің құрметіне «Халықаралық студенттер күні» деп атау бекітілді. Студенттер күні алғаш рет 1941 жылы 17 қарашада Лондон қаласында өткен.
Студенттер күні романтика мен жастық албырт шақпен астасып жатқанымен, атаулы күннің тарихы Екінші дүниежүзілік соғыстағы Чехословакия студент жастарының қасіретімен тығыз байланысты.
Тарихқа көз салсақ, 1918 жылы 28 қазанда Чехословакия мемлекеті құрылған болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс басқыншыларының қарамағына өткен елде 1939 жылы 28 қазанда Прага қаласының студенттері мен олардың оқытушылары мемлекеттерінің құрылғанына 21 жыл толуына орай шеруге шығады.
Алайда басқыншылар наразы жастарды күшпен тарқатып, арасынан біреуін атып өлтіреді. Оққа ұшқан студенттің есімі — Ян Оплетал болатын. Оны жерлеу рәсімі 15 қараша күні болып, артынша қарсыласушы патриот жастардың шерулері қайта басталды. Нәтижесінде, бір топ студент жастар тұтқындалған.