«Сталиндік сыйлықты» қазақтан кім алған?

«Сталиндік сыйлықты» қазақтан кім алған?

Жазушы Мұхтар Әуезов «Сталиндік сыйлыққа» ие болған кезде, соның қаражатына арнайы ішінде кең кітапханасы бар үй салдырған екен дейді. Жалпы, осы «Сталиндік сыйлықтың» қаржылай марапаты қанша? Және де бұл сыйлыққа қазақ жерінен кімдер ие болған?
Сапаш МОЛДАБЕК,
Шымкент

«Сталиндік сыйлық» КСРО көсемінің 60 жасқа толуына орай пайда болып, қоғамның түрлі салаларына еңбек сіңірген жекелей адамдарға немесе ұжымға беріліп отырған. Сыйлыққа ие болғандардың есімі КСРО көсемінің туған күніне орай, әр жылдың 21-інші желтоқсанында жарияланып отырды. «Сталиндік сыйлық» үш дәрежеден тұрады. Ал оның қаржылай марапаты әрқашан бірдей болған жоқ. Оның үстіне, ғылым саласына байланысты да әртүрлі соманы құрап отырды. Дегенмен 1942 жылғы мемлекеттік қаулыда бірінші дәрежелі «Сталиндік сыйлықтың» иегерлеріне 200 мың рубль, екінші дәрежелі сыйлық иегерлеріне 100 мың рубль, үшінші дәрежелі сыйлық иегерлеріне 50 мың рубль беріледі деп көрсетілген. І дәрежелі «Сталиндік сыйлыққа» Қазақ жерінен жазушы Мұхтар Әуезов, ақбас тұқымды сиыр өсіріп-өндіріп шығаруға зор үлес қосқаны үшін Өте Мусин, күріш атасы – Ыбырай Жақаев, Михаил Калашников ие болды. ІІ дәрежелі сыйлықты әнші Күләш Байсейітова, ақын Жамбыл Жабаев, геолог Қаныш Сәтбаев сынды тұлғалар иеленді. Ал ІІІ дәрежелі «Сталиндік сыйлықты» актер, режиссер Шәкен Айманов, актер Қалибек Қуанышбаев, актер Сералы Қожамқұлов, ұйғыр-қазақ композиторы Құддыс Қожамжаров, композитор Евгений Брусиловский иеленді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста