Спорттық бағдарлау елімізде қашан пайда болған?

Спорттық бағдарлау елімізде қашан пайда болған?

Елімізде өткен VІІ қысқы Азия ойындары кезінде шаңғымен спорттық бағдарлау ойынын тамашалап, өте керемет әсер алған едім. Сол ойынды одан кейін көрмедім. Қазақстанда әлі ұйымдастырылып тұра ма? Жалпы, спорттың бұл түрі елімізде қашан пайда болған?
Арман Қабылханов,
Алматы қаласы
Қазақстанда спорттық бағдарлау 1961-62 жылдары Өскемен және Алматы қалаларында пайда болған. 1963 жылы өткен КСРО біріншілігінде Қазақстан атынан екі команда өнер көрсетті. Бірі Өскемен құрамасы болса, екіншісі – ұлттық құрама. Тәуелсіздік алғаннан кейін отандық спорттық бағдарлаудың жаңа кезеңі басталды. Нарықтық кезеңде біраз қиыншылық көрген спорттың бұл түрі бастапқыда қаржыдан қағылып, соңы спорттық мектептердің жабылуына әкеліп соқты. Бұл 1990 жылдардың басы еді. Сол кезде Қазақстан Республикасы спорттық бағдарлау федерациясы құрылып, 1995 жылы Халықаралық спорттық федерацияның толық­қанды мүшесі болды. 2006 жылы отандық спорттық федерациясы қайта тіркеуден өтіп, «Спорттық бағдарлау федерациясы» қоғамдық бірлестігі ретінде аталатын болды.
Бүгінде спорттық бағдарлау еліміздің Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Кереку, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында қолға алынған. Алайда әлі де тиісті деңгейде дамымай келеді. Айта кетейік, мамыр айының соңғы аптасында Қарағандының Қарқаралы ауданында спорттық бағдарлаудан Қазақстанның ашық біріншілігі өтті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста