Спорт, спирт және секс суицидтің алдын алады

 Биыл жыл басынан бергі тоғыз айда әлем бойынша 380 мыңнан астам адам өз-өзіне қол салған. Мұндай қадамға баруға себептердің басым бөлігі отбасындағы кикілжің, жұмыссыздық екен. Ал одан кейінгі орында жұмыстағы қатты шаршау мен басшылықтың барлық тапсырмасын қысқа мерзімде орындай алмау тұр.

Мамандардың айтуынша, мұндай түйткілден біздің ел де ада емес. Оның созылмалы шаршау синдромы (СШС) деген де түрі бар. Алматылық сарапшы Сергей Филин «КАРАВАН» газетінің тілшісіне осы дерт жөнінде сұхбат берген еді. Соны оқырмандар назарына ықшамдап ұсынып отырмыз.

- Сергей Александрович, осы СШС-ға байланысты суицид жасаудан әлем чемпионы болып отырған жапондар қайтпек?

- Бұл – қатты шаршаған адамның қалыпты әрекеті. Күйзеліс қой!
- Ал бізде арақ іше бастайды…

- Жапондар да қатты ішеді. Олар нағыз маскүнемдер. Бірақ онда сакенің күші 20 градустан сәл-ақ асады. Мәселе ішу мөлшерінде ғой. Күйзеліспен күресудің тәсілдері көп. Ал спорт, спирт, секс – осы үш «С» әлі бұл қатардан алынып тасталған жоқ. Дағды мен дайындықты қажет ететін медитация да бар. Бұлардың ең оңайы – сприттік ішімдік. Ішіп алсаң болды, барлық түйткіл шешілгендей боп кетеді. Күйзеліс кезінде жыныстық қатынаспен айналысуға келсек, бұл маған түсініксіз. Ал спортқа жұрттың бәрі бірдей бара алмайды. Дегенмен, жастар шұғылдануға тырысып жатыр…
- Сергей Александрович, мемлекеттік органдарды алайықшы. Бастығы жұмыстан кетпейінше, қоластындағылардың бәрі орнынан қозғалмайды.

- Мемлекеттік органдарда ғана емес, жеке компанияларда да солай. Он жыл бұрын бір үлкен банктегілер маған тайм-менеджмент бойынша тренинг өткізуді ұсынды. «Не үшін?» деймін ғой. Олар «Қызметкерлердің көбі жұмыста қара кешке дейін отырады. Үлгермейтін сияқты» деді. Қыздармен сөйлестім. «Неге отыра бересіңдер» деп сұрадым. Ал олар «бастық орнында болғандықтан» дейді. Бұл – саяси ойын… Мың тренинг өткізсең де, олар осы әдетінен арылмайды. Сталиннің кезінде де, одан кейін де солай болған. Ең жаманы – қатты шаршаған адам тиімді шешім қабылдай алмайды. Ол жаңа нәрсе ойлап таба алмайды. Тек өзінің немесе басқаның тәжірибесінде бар бірдеңені алып келеді. Ал жағдай, өмір өзгереді ғой. Жаңа шешімдер, әдіс-тәсілдер керек болады.


- Бәлкім, түрлі мемлекеттік бағдарламалардың дұрыс жазылмауы сондықтан шығар?

- Былай деп айту қиын. Мен бұл жағынан сарапшы емеспін. Егер солай болса, олардың бұны «таза баспен» істемейтіні анық. Министрліктерде болғанмын. Дегенмен, онда сирек барамын. Сонда шаршап отырған бір адам. Ойлануға мұршалары жоқ.
- Мұндайда спорт немесе секс қайдан болсын?

- Иә, болмайды! Тек спирт қалады. Адам қатты шаршады ғой. Спорт пайда әкеліп қана қоймай, ағзаға зиянын тигізуі де мүмкін. Күйзелістің гипертониялық және гипотониялық түрлері бар. Біріншісінде адам қиындықты сезінгенде ашушаң болып кетеді. Ал енді оған денеге түсетін ауыртпалық қосылса, спорт ағзаға одан сайын зиян келтіреді.
Сіздің пікіріңіз. 

kaz.caravan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста