«Шпигель» – сюжеттің аңдатпасы

Телеарнада жұмыс істейтін таныстарымнан «стенд-ап», «синхрон», «шапка» деген сөздерді жиі естуші едім, жақында «шпигель» деген терминді құлағым шалып қалды. Бұл журналистер пайдаланатын құрал-жабдық па?
Бибігүл СЕРІКҚЫЗЫ,
Алматы

«Шпигель» неміс тілінде «айна» деген мағынаны білдіреді. Телевизия тілінде «шпигель» деп жаңалықтар топтамасындағы алда болатын сюжеттің қысқаша аңдатпасын айтады. Байқаған болсаңыздар, қазір телеарналардың басым бөлігі жаңалықтар шығарылымының басында көрсетілетін сюжеттерге алдын ала қысқаша тоқталып, аңдатпа береді. Сол аңдатпаларда диктор көрермендермен сәлемдескен соң, «бүгінгі жаңалықтарымыздан көретіндеріңіз», – деп әр репортаж авторына сөз береді. Журналистер үшін «шпигель» сюжеттің ең маңызды бөлігі болып саналады. Себебі мұнда әр тілші өз сюжетінің басқасынан ерекше екенін дәлелдейтіндей етіп жарнамалауы тиіс. Ал бұл үшін аз уақыт кетпейтіні белгілі. Кейде «шпигель» стенд-аппен, яғни тілшінің кадрдегі қысқаша сөзімен де жасалады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста