Спартакиаданың ашылу және жабылу салтанаты неге өткізілмеді?

Жақында сіздердің газеттеріңізде биыл мектеп және колледж оқу­шы­лары арасында бүкілқазақстандық V жазғы спартакиада өткендігі жайлы мақала жарық көрді. Мен осы спартакиаданың кейбір жарыстарының куәсі болдым. Бір түсінбегенім, биыл осы спар­та­киа­да­ның ашылу және жабылу сал­танаты ұйымдастырылған жоқ. Неге, соны білуге бола ма?
Талғат Сағындық,
Талдықорған қаласы

Сіздің сұрағыңызға оқушылар ара­сын­дағы V жазғы спартакиаданы насихаттаумен ай­­на­лыс­қан ардагер журналист Рабат Жәні­бек жауап береді:
– Бұған дейінгі бүкілқазақстандық спар­та­киадалардың ашылу және жабылу сал­танаты еліміздің облыс орталықтарының бірінде үлкен стадиондарда өткізілетін. Осы дүбірлі додалардың ұйымдастырушысы, яғни ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Дене тәрбиесі ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы биыл осы дәстүрлі үрдістен бас тартты. Себебі спартакиаданың ашылу және жабылу салтанатына бола бүкіл облыс өкілдері артынып-тартынып, қопарыла келетін. Бұл дегеніңіз – қаншама қаржы бостан-босқа далаға шашылды деген сөз. Сондықтан Дене тәрбиесі ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығының басшылары ақшаны бостан-босқа ысырап қылуды жөн көрмеді. Есесіне басқадай шараларды ұйым­дас­тырды. Мысалы, Ұлы Жеңістің 65 жылдығы мен аталмыш орталықтың құрылғанына 10 жыл толу құрметіне орай, айтулы екі мерекеге арнап, оқушы жастарға патриоттық рух беретін және инабаттылыққа баулитын басқадай шаралар қа­растырылды. Осы мақсатта еліміздің әр қа­ла­сында өтетін спартакиада жарыстарының ашылу рәсіміне жергілікті жердегі соғыс және еңбек ардагерлерін, есімдері елге танымал азаматтарды шақырып, облыс бас­шыларының қатысуымен мәні мен маңыз­ды­лығын арттыра түсу қар­ас­ты­рыл­ды. Ауыл мен аудан орталықтарындағы мұн­дай шаралардың жас ұрпақ  үшін ұмытылмас, өте әсерлі болғаны даусыз. Кейбір жерлерде оқу­шы­лар ескерткіштерге тәу етсе, барлық жерде жа­рыс­тың ашылу рәсіміне келген соғыс арда­гер­ле­ріне ес­керткіш сыйлықтар мен гүл шоқтары табыс етілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста