Сотталғандармен кездесудің тәртібі қалай?

Сотталғандармен кездесудің қандай түрлері бар, кездесуге қашан келуге болады?
Жарас,
Алматы облысы
Бас бостандығынан айырылған адаммен кездесудің екі түрі беріледі: ұзақтығы төрт сағатқа дейін қысқа мерзімді; ұзақтығы үш тәулікке дейін ұзақ кездесулер түзеу мекемесі аумағында арнайы жабдықталған үй-жайларда тұруымен, сондай-ақ түзеу мекемесінен тыс тұру арқылы ұзақтығы бес тәулікке дейін ұзақ кездесулер. Бұл жағдайда ТМ бастығы кездесудің тәртібі мен өтетін жерін анық­тайды (мысалы, соттағанның немесе оның туыс­қан­дарының қаражаты есебінен қалалық қонақ­үй). Туған-туыстарымен немесе өзге адамдармен қыс­қа мерзiмдi кездесулер түзеу мекемесiнiң әкiм­шiлiгi өкiлiнiң қатысуымен берiледi. Ұзақ кез­десу­лер жұбайымен (зайыбымен), ата-аналарымен, бала­ларымен, асырап алғандарымен, асырап алын­ғандарымен, аға-iнiлерімен, апа-сiңлiлері­мен, аталарымен, әжелерімен, немерелерімен, ал түзеу мекемесі бастығының рұқсаты бойынша өзге адам­дармен бiрге тұру құқығымен берiледi. Сот­тал­ғандарға ұзақ және қысқа мерзімді кездесу­лер­ге бір уақытта екі ересек, олармен бірге соттал­ған­дардың кәмелетке толмаған аға-інілері, апа-сіңлілері, балалары, немерелері келе алады. Сотталғанмен кездесуге келген тұлғалар өздерімен бірге жеке тұлғаны, сондай-ақ олардың сотталған­мен туыстық байланыстарын куәландыратын құжат­та­ры болуы тиіс. Атап айтқанда, төлқұжаты, әскери билеті, жеке бас куәлігі, туу туралы куәлігі, неке туралы куәлігі, қамқорлық және қорға­ныш органдарының құжаттары. Кездесуге келген тұлғалардың киімдері мен заттары тексеріледі. Егер кездесуге келген тұлғалар тексеру рәсімінен бас тартқан жағдайда, оған сотталғанмен ұзақ кез­десуге рұқсат берілмейді. Мұндай жағдайда ұзақ кездесудің орнына оған қысқа мерзімді кез­десу ұсынылуы мүмкін. Кездесу өткізуге арналған бөл­меге сотталған­дар­мен қысқа  мерзімді кез­десуге келген тұлғалар өздерімен бірге қандайда бір азық-түліктерді немесе киімдерді алып кіруге рұқ­сат етілмейді. Ұзақ мерзімді кездесулерге кел­ген тұлғаларға азық-түліктерді алып кіруге рұқсат бері­леді (тыйым салынған заттар мен арақ-шарап өнімдерінен басқа).

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста