Соқырлар түс көре ме?

Соңғы кездері мені  ұйқы және түс деген құбылыстар сыры қызықтырып жүр.  Осы орайда білгім келетіні – адам қанша жастан бастап түс көреді және қай жаста қанша сағат ұйықтау керек? Соқырлар түс көре ме? Сондай-ақ ерлер мен әйелдердің түс көруінде айырмашылық бола ма?

Аман Серікқазы, Қарағанды қаласы

Ұйқы – адам ағзасының қоршаған ортадан бір мезгіл тынығуы.  Ұйқыдағы адамның серігі – түс. Бір қызығы, оянған соң бес минуттан кейін-ақ біз көрген түсімізді ұмытып қалады екенбіз де, араға 10 минуттай салып оның тек 10 пайызын ғана еміс-еміс еске түсіреді екенбіз. Менделеев өзінің элементтердің периодтық жүйесін  түсінде көріпті деген сөз бар. 

Бала үш жасқа дейін түсінде өзін көрмейді екен. Сосын үш жас пен сегіз жас аралығында бала үлкендер жағы өмір бойына көрмейтін қорқынышты түстерді көретіні анықталған. Ерлер мен әйелдердің түсінде айтарлықтай айырмашылықтар болады екен. Ерлердің түсі негізінен, өз жынысының өкілдерінен тұратын болса, әйелдер екі жыныс өкілдерін тең дәрежеде көреді екен. Ал соқырларға келсек, «іштен соқыр боп туғандар бейнелерді көре алмайды, бірақ олардың түсі ғажайып дыбыстар мен керемет сезімдерге, хош иістерге бай келеді» дейді ғалымдар. Сол сияқты түрлі-түсті түстерді де адамдардың барлығы бірдей көре алмайды екен, кәдімгі көру қабілетіне ие адамдардың 12 пайызы ақ-қара түс көрсе керек. Түсіңізде көрген әрбір затты сол күйінде қабылдау қате дейді зерттеушілер, себебі түйсігіміз бізге нақты бейнені емес, бізге қажет ақпараттан дабыл ғана береді екен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста