Шоқаннан қанша сурет қалды?

Ұлтымыздың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов көптеген керемет пейзаждар мен портреттер салғанын білеміз. Сонда Шоқан суретшілікті арнайы оқыған ба?
Айгүл БЕРЕНҚЫЗЫ,
Ақтөбе қаласы
Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шы­ғыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушысы Уәлиханов Шоқан (Мұхамедханафия) Шыңғысұлы (1835-1865) жақсы суретші де болған.
Ғалымның бай мұраларының бір бө­лігін бейнелеу өнері саласындағы ең­бек­тері құрайды. Ол негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс-салтын бей­нелеу жанрымен айналысқан. Өз ең­бек­терін суретпен толықтырып отырған ол көбінесе акварель, майлы бояумен, ал кей­де тушь, қалам, сиямен жұмыс істеген. Су­ретшілік өнерді ешқайдан арнайы үйрен­бесе де, оның суреттерінде кәсіби ше­бер­лерге тән қолтаңба байқалады. Бұл Шоқанның табиғи дарынының ерекше бір қырын байқатады. Қазіргі уақытта Шо­қан­нан бізге мұра боп қалған 150-ге тар­та сурет бар. Оның қолынан шыққан сурет­тердің біразы ХІХ ғасырдың 60-шы жыл­дары «Всемирная иллюстрация», «Искра», «Русский художественный лист» секілді беделді басылымдарда жария­лан­ған. Шоқан өзінің күнделіктерін, жолжаз­ба­ларын суретпен көркемдеп, көрнекі ма­териалмен толықтырып отырған. Ол сон­дай-ақ тастағы жазуларды, ондағы көне заманның суреттерін қағазға айныт­пай түсіру арқылы кейінгі ұрпақтың сол жа­зуларды оқуына жағдай жасаған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста