Халқымыздың жарық жұлдызы, ағартушы ғалым Шоқан Уәлиханов туралы 10 томдық жинақ шықты деп естіп едім. Шығарманың авторы кім, шоқантану ғылымына бұл еңбектің қосар үлесі қандай?
Марат ЖАНДӘУЛЕТҰЛЫ, Талғар
Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушы Шоқан Уәлиханов жайында қанша еңбек жазылса да артық емес. Жақында жарық көрген «Шоқан сагасы» атты зерттеулер жинағы да – шоқантану ғылымына қосылған бір сүбелі үлес. Шығарма авторы – Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқығы комитетінің кеңесшісі, «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің президенті Әбен (Әбдіәлі) Нұрманов. Автордың айтуынша, әйгілі ғалымның туып-өскен, оқыған, қызмет істеген, жүріп өткен жерлеріне экспедиция жұмыстары 1972 жылы басталған. 1989 жылға дейін автор бұл іспен жалғыз айналысқан. 10 жылдық үзілістен кейін 2000 жылдан қайта басталған экпедиция құрамына өзге де адамдар енген.
Ә.Нұрманов шоқантанушылардың осы уақытқа дейін жарық көрген жүздеген еңбегімен және ғалымның ғылыми мұрасына арналған 150-ден астам ғылыми-конференцияның материалдарымен танысып шыққан. Содан кейін оның өмірін еңбектері арқылы ашуға тырысып, бұған дейін белгісіз және күмәнді болып келген бірқатар жайттың жай-жапсарын ашуға қол жеткізген. Автордың пікірінше, жинақта 50-ге жуық тың жаңалық ашылып отыр.
Шоқан туралы қандай кітап шықты?
Последние статьи автора