Скутер жүргізушісіне қойылатын талаптар қандай?
Мен скутер жүргіземін. Скутер жүргізушісіне қойылатын талаптар туралы айтсаңыздар екен.
Аслан, Алматы қаласы
Жол қозғалысы ережесінде скутер деген түсінік жоқ. Сондықтан да егер екі дөңгелекті көліктің қозғаушы күші – 50 текше метрден, қозғалыс жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан аз болса, ондай көлік мопедпен теңестіріледі.
Мопед жүргізушілеріне төмендегідей талаптар қойылады:
– мопедпен жүруге жасы 16-дан кем емес адамдарға рұқсат етiледi;
– мопед жүргізушісі мотошлем киюі тиіс;
– мопедтер, егер бұл жаяу жүргiншiлерге кедергi келтiрмейтiн болса, оң жақ шеткi жол жолағымен, мүмкiндiгiнше оңға таман бiр қатармен қозғалуы тиiс;
– рульден ұстамай жүруге тыйым салынады;
– сенiмдi аяқ тiрегiшпен жабдықталған қосымша орындықта жеті жасқа дейiнгi баладан басқа жолаушыларды тасымалдауға рұқсат етілмейді;
– көлемiнiң ұзындығынан немесе енiнен 0,5 м артық шығып тұратын жүктердi немесе басқаруға кедергi келтiретiн жүктердi тасымалдауға болмайды;
– трамвай қозғалысы бар және осы бағытқа қозғалу үшiн бiр жол жолағынан артық болғанда солға бұрылуға немесе керi бұрылуға тыйым салынады;
– мопедпен өзге көліктерді сүйретуге тыйым салынады;
– велосипед жолының көше қиылысынан тыс орналасқан, реттелмейтiн өтпесiнде велосипед пен мопедтердiң жүргiзушiлерi осы жолмен қозғалып келе жатқан көлiк құралдарына жол беруi тиiс.