Жаз айларында жеміс-жидек піскен кезде неше түрлі шіркейлердің көбейіп кететінін көріп жүрміз. Осы орайда менің білгім келгені, осы шіркейлерден адамға қандай да бір қауіп бар ма?
Жанаргүл ЫСҚАҚОВА, Алматы облысы
Бұл сауалға «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК маманы Қажығали КАРДАСИНОВ жауап береді:
– Маса сияқты, шіркейлердің де аналығы адамды шағады. Шаққан кезде адам денесі қызарып, қатты ашып, қышиды және ісінеді. Көп рет шаққан кезде дене температурасы жоғарылайды, ағзада ауыр интоксикация дамуы мүмкін. Шіркейлер оба, туляремия, алапес және басқа да ауруларды тасымалдайды. Сонымен қатар онхоцеркоз, миксоматоза және гемоспоридоз ауруларын жұқтыруы мүмкін. Шіркейлер күндіз өсімдіктердің бұталарында тіршілік етеді. Олардың белсенділігінің жоғарғы шегі маусым аяғына тура келеді және суық түскенге дейін жалғасады. Шілде айында шіркейлердің жаппай ұшуы басталады, тамыз айының ортасына дейін белсенділігі жоғары болады.
Шіркейлер мен құмытылар бартонеллез, лейшманиоз, мансонеллез және онхоцеркоз ауруларын да тасымалдайды.
Шіркей шаққанда көрсетілетін алғашқы көмек
Шіркей шаққанда пайда болатын қышуды басу үшін теріні нашатыр спиртіне су араластырылған қоспамен немесе ас содасының (1 стақан суға 1/2 шай қасық салынған) ерітіндісімен сүрту керек.
Қызарған жерді қырмызыгүлмен (жаңа сығылған шырынымен немесе тұндырмасымен), пияздың, лимонның, жолжапырақтың, ақжелкеннің жаңа алынған жапырақтарының шырындарымен сүрткен кезде қауіп азаяды. Сондай-ақ шіркей шаққан жерге жалбыздың және мойылдың жаңа алынған жапырақтарын басқан да дұрыс.
Шіркейден адамға келер қауіп бар ма?
Последние статьи автора