Шіркейден адамға келер қауіп бар ма?

Шіркейден адамға келер қауіп бар ма?

Жаз айларында жеміс-жидек піскен кезде неше түрлі шіркейлердің көбейіп кететінін көріп жүрміз. Осы орайда менің білгім келгені, осы шіркейлерден адамға қандай да бір қауіп бар ма?
Жанаргүл ЫСҚАҚОВА,
Алматы облысы
Бұл сауалға «Санитарлық-эпиде­мио­ло­гия­лық сараптама және мониторинг ғылыми-прак­тикалық орталығы» РМҚК маманы Қа­жы­ғали КАРДАСИНОВ жауап береді:
– Маса сияқты, шіркейлердің де аналығы адам­­ды шағады. Шаққан кезде адам денесі қы­зарып, қатты ашып, қышиды және ісінеді. Көп рет шаққан кезде дене температурасы жо­ға­ры­лай­ды, ағзада ауыр интоксикация дамуы мүм­кін. Шіркейлер оба, туляремия, алапес жә­не басқа да ауруларды тасымалдайды. Соны­мен қатар онхоцеркоз, миксоматоза және гемо­спо­ридоз ауруларын жұқтыруы мүмкін. Шіркейлер күндіз өсімдіктердің бұталарында тіршілік етеді. Олардың белсенділігінің жоғар­ғы шегі маусым аяғына тура келеді және суық түскенге дейін жал­ғасады. Шілде айында шір­кей­лердің жап­пай ұшуы басталады, тамыз айы­ның ортасына дейін белсенділігі жоғары болады.
Шіркейлер мен құмытылар бартонеллез, лейшманиоз, мансонеллез және онхоцеркоз ауруларын да тасымалдайды.
Шіркей шаққанда көрсетілетін алғашқы көмек
Шіркей шаққанда пайда болатын қышуды басу үшін теріні нашатыр спиртіне су ара­лас­тырылған қоспамен немесе ас содасының (1 стақан суға 1/2 шай қасық салынған) ері­тін­ді­сімен сүрту керек.
Қызарған жерді қырмызыгүлмен (жаңа сығылған шырынымен немесе тұндыр­ма­сымен), пияздың, лимонның, жолжапырақтың, ақжелкеннің жаңа алынған жапырақтарының шырындарымен сүрткен кезде қауіп азаяды. Сондай-ақ шіркей шаққан жерге жалбыздың және мойылдың жаңа алынған жапырақтарын басқан да дұрыс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста